Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкері донорлық қан тапсырды

Қызылордада ҚАЖ қызметкері донорлық қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерекше қан тобының иегері – ЗК-169/1 тергеу изоляторының қызметкері донор болды.

Режим және күзет бөлімінің инспекторы Ердәулет Мардихановтың айтуы бойынша, беймезгіл уақытта облыстық қан орталығынан қоңырау шалып, ауыр халдегі науқасқа IV қан тобы керек екенін хабарлаған. 

– Өмір мен өлім арасында жатқан жанға қан керек деген соң, бей-жай қарай алмадым. Менің қанымды құйып науқасты аман алып қалса, адамгершілік жасағаным деп ойлаймын, – деді  донор Мардиханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру