Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда танысының ұялы телефонын ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Қарағандыда танысының ұялы телефонын ұрлап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазанда Қарағанды қаласының Михайлов полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу пәтерден ұялы телефон мен 4 мың теңгесін ұрлап кеткен. Жәбірленуші әйел бірер күн бұрын бір азаматпен танысып, оны қонаққа шақырған. Біраз уақыттан кейін ер адам кетіп қалған кезде, онымен бірге бағалы заттар да жоғалып кеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

27 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты зат – ұялы телефон алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру