Павлодарда жалға алушыны уақытша тіркемеген пәтер иесі жауапқа тартылды
Павлодарда жалға алушыны уақытша тіркемеген пәтер иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының учаскелік полиция инспекторлары «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 257 мыңнан астам пәтер мен үйді аралап шықты, оның негізгі мақсаты – қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықты алдын алу, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату.
Мәселен, әкімшілік учаскені аралау барысында Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы тұрғын үйдің меншік иесі жол берген ҚР заңнамасының талаптарын бұзу фактісі анықтады.
– Полицейлер анықтағандай, тұрғын үй иесі пәтерді ұзақ мерзімге жалға берген, бірақ жалға алушыны уақытша тіркемеген. Аталған факті бойынша 34 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы 5-бөлімі бойынша (Жалға берушінің (жалға берушінің) Жеке тұлғалардың меншік иесіне тиесілі немесе басқа тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркеусіз тұруына жол беруі) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Үй иесіне 10 АЕК түрінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, пәтер иесіне аталған бұзушылықты жою туралы ұсыныс берілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осындай бұзушылық үшін жыл басынан бері 46 азамат жауапкершілікке тартылды.