Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері 2 ай бойы іздеуде болған ер адамды тапты

ШҚО полицейлері екі ай бойы іздеуде болған ер адамды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазір республика аумағында ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша кең ауқымды «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Оның бағыттарының бірі – шаруа қожалықтарын тексеру, ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін проблемалық мәселелерді анықтау, сондай-ақ олардың қызметкерлерімен алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Жақында Жарма ауданы бойынша аталған жедел алдын алу шарасы тиімділігінің кезекті оң нәтижесін берді. Онда шаруа қожалықтарының бірін тексеру кезінде полиция қызметкерлері екі ай бойы іздеуде болған 45 жастағы ер адамды тапты. Телефонын жоғалтып алған ол, тіпті оның тағдыры үшін алағңдап отырған туыстарына хабарласпаған.

Қазіргі уақытта ол туыстарымен бірге үйіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру