Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда екі ойын-сауық мекемесінде карантин шаралары бұзылғаны анықталды

Ақмола полицейлері облыс орталығының екі ойын-сауық мекемесінде карантин шараларының бұзылғанын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері есірткі қылмыстарының алдын алуға және анықтауға бағытталған ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Түнгі рейдтік іс-шараларды өткізу барысында карантин режимінің шектеу шараларына қарамастан, өз қызметін сағат 23.20-да жүзеге асырған екі бар жұмыс істеді.

Осылайша, барлардың бірінің әкімшілігі қала тұрғындарына кальян қызметін ұсынып, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-тармағы (Қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Тәртіп бұзушылар 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Тексерілген екінші ойын-сауық мекемесінде 50-ден астам адамның бар екендігі анықталды. Бар басшысына қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Карантин режимін бұзу) бойынша материалдар жиналды.

– Мекеме әкімшілігімен әңгіме жүргізілді, оның барысында олар ҚР ҚК 299-1-бабы (Есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау) және ҚР ӘҚБтК 422-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік (Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес мақсатта тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау) бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді, – деді Ақмола облысы ПД ЕБҚІҚБ бастығы Мейрам Жапбасов.

Сонымен қатар облыс орталығындағы дәмхналардың бірінің жанында 24 жастағы жігіт өзінің мінез-құлқымен полиция қызметкерлерінің күдігін тудырған. Жеке тінту барысында өсімдік тектес зат (марихуана) бар қағаз бумасы табылып, тәркіленді. Біраз уақыттан кейін сол ауданда көрші аймақтан келген 40 жастағы ер адам тоқтатылды, оны жеке тінту кезінде синтетикалық есірткісі бар пакет тәркіленді.

– Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Сараптама тағайындалды. Рейдтік іс-шараларды апта сайын өткізетін боламыз, – деп атап өтті Мейрам Жапбасов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру