Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі ұры күндіз алматылықтардың үйін тонап жүріпті

Екі ұры күндіз алматылықтардың үйін тонап жүріпті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскөйлер үй иелерінің жоқтығын пайдаланған: олар не терезе арқылы, не алдыңғы есіктердің құлпын бұзу арқылы ішке кірген.

– Арам пиғылдылар күндіз азаматтардың көпшілігі жұмыста болғанда және үйі қараусыз қалғанда тонаған. Айтпақшы, олар бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған және қылмысты қайталағанына қарағанда, түрмеден шыққан соң өздеріне тиісті қорытынды жасамаған. Екі күдіктіні де Алматы облысының аумағында ұстадық. К.есімді азамат 23 жаста, Ж.есімді азамат 34 жаста. Соңғы қылмыстық эпизодтардың бірінде күдіктілер Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Некрасов көшесінде орналасқан үйді тонаған. Ол жерден 3 100 доллар көлеміндегі алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлаған, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру