Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында 190 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қостанай облысында 190 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкімшілік полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша жол және коммуналдық шаруашылық ұйымдарын, сондай-ақ жол техникасының қысқы кезеңге дайындығын тексеруде.

Тексерулер жол қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Ерекше назар жол техникасының техникалық жағдайына, тайғаққа қарсы материалдардың болуына, кезекшілікті ұйымдастыруға және ауа райы жағдайлары туралы хабарлау жүйесіне аударылған.

Облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Аслан Балғабаевтың айтуынша, ағымдағы жылы жол және техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарына 1300-ден астам тексеру жүргізген. Полицейлердің назары жол төсемінің жай-күйіне және жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына (белгілер, бағдаршамдар, таңбалар және т.б.) аударылды.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 2050 ұйғарым берілді, жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 190 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 7 мемлекеттік орган тұлғалары (ауылдық округ әкімдері, ТКШ бөлімдері) бар. Сондай-ақ, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында Қостанай облысының Полиция департаменті автокөлік иелерінен көлік құралын қысқы кезеңге уақтылы дайындауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру