Павлодарда дүкенде шу көтерген тұрғын жауапқа тартылды
Павлодарда дүкенде шу көтерген тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қарашада Павлодар полициясына Павлов көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінің сатушысы қоңырау шалды. Әйел клиент айқайлап, қоғамдық тәртіпті бұзып, жұмысқа кедергі келтіретінін айтты.
Анықталғандай, сатып алушы дүкенде оған қажет өнім жоқ деп наразылық білдірген. Сонымен қатар, ол әдепсіз сөздер айтып, сатып алушыларды айқайымен қорқытып, сатушының жұмысына кедергі жасаған.
Куәгерлердің айтуынша, бұл бір сағатқа дейін созылған. Дүкен қызметкерлерінің кету туралы өтінішіне жауап ретінде әйел қорқыта бастаған.
Тек полицейлерді көрген кезде ғана павлодарлық тұрғын дауысын төмендетіп, өзінің шамадан тыс эмоционалды екенін түсіндіруге тырысып, кетуге асықты. Бірақ жай кетіп қалу мүмкін болмады, тәртіп сақшылары осындай шулы қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады, материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Сол күні қоғамдық тәртіпті бұзу туралы тағы бір шақыру түсті – қаланың ірі сауда орталықтарының бірінің жанында екі қыз ұсақ қоқыстарды шашып жіберді. Өтіп бара жатқан адамдардың ескертулеріне олар әдепсіз сөздер айта бастады. Олармен ұрыспай, келушілер полиция шақырды.
Бірнеше минуттан кейін келген тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыларды анықтап, оларды ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, материал сотта қаралады.Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, ,биыл ұсақ бұзақылық үшін 1020 азамат жауапкершілікке тартылды.