Банк қызметкерімін: атыраулықтың есепшотынан 1,5 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды
Өзін банк қызметкерімін деп таныстырған алаяқ тұрғынның есепшотынан 1,5 миллион теңге жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қараша күні 29 жастағы қала тұрғынына белгісіз адам WhatsApp желісінде өзін Halyk bank қызметкері ретінде таныстырып, оның есепшотынан белгісіз адамның несие рәсімдеп жатқанын айтқан. Кейін ол жәбірленушінің жеке мәліметтерін алып, есепшотынан 1 миллион 500 мың теңгеге жуық ақшасын басқа есепшотқа аударып алған.
Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде 33 жастағы Алматы облысының тұрғынын анықтады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде.