Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер бірнеше рет суицид жасамақ болған қызға көмектесті

Шымкенттік полицейлер бірнеше рет суицид жасамақ болған қызға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада Қаратау АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің тұрғыны білегін кесіп, 11-ші қабаттан секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаратау АПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ инспекторы Назым Аярбекова қызбен сауықтыру әңгімесін жүргізді.

Анықталғандай, 21 жастағы қыз бір жылда екінші рет өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Осыған байланысты әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мақсатында ол «Самғау-Сенім» дағдарыс орталығына жеткізілді. Сондай-ақ Шымкент қалалық психо-неврологиялық емхана дәрігері тарапынан кеңес алуына көмек көрсетілді.

Қыздың ата-анасына хабарланып, туыстарына табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру