Ақмола полицейлері қасақана өрттеуге қатысты тергеу жүргізуде
Ақмола полицейлері 10,5 млн. теңгеден астам сомаға қасақана өрттеуге қатысты тергеу жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қарашада таңғы сағат 05.09-да Қорғалжын АПБ кезекші бөліміне ауданның елді мекендерінің бірінің шаруа қожалығы басшысынан шөпті белгісіз біреу қасақана өртегені туралы өтініш келіп түсті.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы 3 қарашаға қараған түні белгісіз тұлғалардың кәсіпкерге тиесілі 1491 орама шөпті өрттеу арқылы жойғанын анықтады. Шығын сомасы 10 млн. 500 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.