Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО полицейлері қару иелері жол берген 800-ден аса бұзушылықты анықтады

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қару иелері жол берген 800-ден аса бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер азаматтық қару мен олардың патрондарын сатып алуға 1 251 рұқсат ресімдеді. Облыстың 7 167 тұрғынында 12 121 бірлік қару бар, оның 1032-сі ойық ұңғылы. Әр қару иесін полиция қызметкерлері ұдайы тексереді. Бұл жұмыстың мақсаты – қару ұрлығын жасау және оны қылмыстық мақсатқа пайдалану қаупін азайту.

Жыл басынан тексеріс барысында СҚО-да қару иелері тарапынан 848 түрлі құқық бұзушылық анықталды. Тәжірибе көрсеткендей, көбіне сейфте қарумен бірге бөгде заттарды (құжаттар, ақша, құнды заттар) сақтамау талаптары, сондай-ақ қаруды қайта тіркеу мерзімі бұзылады. Полицейлер қару иелерінен заңнама нормаларын қатаң сақтауды, олардағы өзгерістерді қадағалап отыруды сұрайды.

– Мәселен, қару иелерінің көбі және ойық ұңғылы қаруды сатып алушыларға қаруды сатып алғаннан кейін бақылау-ату жүргізу талабы тосын сый болып көрінеді, алайда бұл талап 2019 жылы Үкімет қаулысымен қабылданды, — дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов. — Оған сәйкес бақылау оқтары мен гильзалары қарудың тіркелген жері бойынша оқ гильзатекада сақталуы қажет. Қару иелерінен өз міндеттерін білуді және оған жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.


Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі бөліністердің қызметкерлері солтүстікқазақстандықтарға ақыл-кеңес беруге дайын. Аумақтығы бойынша полиция бөлімдеріне немесе 7 (7152) 39-48-68 телефонына жүгінуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру