Шымкентте бөтеннің көлігінен телефон ұрлап кеткен күдікті анықталды
Шымкентте бөтеннің көлігінен телефон ұрлап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қарашада Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйдің ауласында тұрған автокөліктің ішінен Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын – 100 мың теңге.
Әл-Фараби АПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.