Түнде Қарағанды тұрғынын тонап кеткен жігіт анықталды
Түнде Қарағанды тұрғынын тонап кеткен жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші түнгі уақытта көшеде ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатқан, осы кезде оның жанына белгісіз біреу жүгіріп келіп, қолынан ұялы телефонын жұлып алып, қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
2 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 22 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.