Атырауда 19 жастағы Lada Priora жүргізушісіне қатысты 4 хаттама толтырылды
Атырауда 19 жастағы Lada Priora жүргізушісіне қатысты 4 хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қараша күні сағат 23:31 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Махамбет көшесінде орналасқан Атырау-Жарык мекемесінің тұсынын автокөліктің алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар аспап қондырған күйде жүрген Lada Priora маркалы автокөлігін байқап, тоқтатқан.
Тексеру барысында аталған автокөліктің 19 жүргізушісінен бұдан бөлек бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
19 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 593-бабының 2-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау), 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар жасақталып, барлығы 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.