Риддер тұрғыны үйінен құны 1 млн 200 мың теңгені құрайтын мүлкінің жоғалғанын байқамаған
Шығыс Қазақстан облысы Риддер тұрғыны үйінен құны 1 млн 200 мың теңгені құрайтын мүлкінің жоғалғанын байқамаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 30 қазанында Риддер қ. ПБ кезекші бөліміне криминалдық полиция бөлімі қызметкерінің баянаты келіп түсті, онда жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 2021 жылғы қыркүйектен қазан айының соңына дейін пәтерге бірнеше рет ұрлыққа түсіп, жалпы сомасы 1 200 000 теңгеден астам ақша қаражатына, тұрмыстық техника, алтын бұйымдарын ұрлаған 29 жастағы қала тұрғыны ұсталғаны туралы айтылды.
– Жүргізілген тергеу іс-әрекеттері барысында 42 жастағы жәбірленуші, ол полиция қызметкерлерінен оның пәтерінен заттар мен алтын бұйымдар ұрланғанын біліп, аң-таң болған. Ол тіпті екі ай бойы пәтерінен заттардың жоғалғанын байқамаған, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне жасалған қылмысты ашқаны және ұрланған заттарды қайтарғаны үшін Риддер қаласының интернет ресурстары мен газет басылымдарында алғысын жариялаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі-ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.