Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанның учаскелік полиция инспекторы көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті

Түркістанның учаскелік полиция инспекторы көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесіп, алғыс алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолға шыққан жүргізушілер мен жолаушылар түрлі қиындықтарға, келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Осындай кезде полицейлер көмек қолын созып, жолда қалғандарға қолғабыс етіп, алғыс алатын кездер де аз емес. Мәселен, Арыс-Шардара тас жолында бұзылып тұрған «Mazda» маркалы көлікті байқаған Арыс АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы Әсет Ергашев, бірден автокөлік жанына жақындайды. Жүргізушіден қал-жағдайын біліп, қандай да бір көмек керек пе деп, жөнін сұрайды. Көлігі бұзылған жүргізуші, қасындағы жолаушысы екеуі бірнеше сағат бойы жол бойында тұрып қалғанын, мүмкін болса жәрдем беруін өтінеді. Содан тәртіп сақшысы жедел әрекет етіп, аталған көлікті сүйреп, діттеген жеріне дейін жеткізеді.

Өз кезегінде көлік жүргізушісі Мақсат Тұтқабаев:

– Жол бойында көлігім бұзылып тұрғанда қаншама көліктер зулап өтіп кетті. Ешқайсысының көмектесуге құлқы болмады. Бір кезде жаныма қызметтік көлігімен полицей тоқтады. Ризамын, ол жағдайымды біліп, дереу көмектесті. Қожатоғай ауылынан, Арыс қаласына дейін 40 шақырымға сүйреп әкелді. Алла разы болсын! Осындай қиналғанда қолдау білдіретін жігіттеріміз көп болсын! Өзі жас полицей екен, жұмысы алға бассын!, – деп, шынайы ризашылығын жеткізді.

Анықталғандай, осыдан бес ай алдын ішкі істер саласына қызметке орналасқан тәртіп сақшысы Ә.Ергашев күнделікті қызметтерін атқару кезінде көмек қажет еткен жанды қуантып, игі іс жасаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру