Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жол ережесін бұзған 25 көлік айыптұраққа қойылды

Жамбыл облысында жол ережесін бұзған 25 көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8-17 қарашасы аралығында Жамбыл облысының аумағында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінің қорытындысы бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзудың 634 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізгені үшін 5 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ қарсы жолаққа шыққаны үшін 2 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 47, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін – 16, авариялық жағдай туғызғаны үшін – 7, қауіпсіздік белдігі түймеленбегені үшін – 84, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін – 43, КҚ басқару құқығы жоқ – 37, жаяу жүргіншілерді жіберіп алмаған – 9 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтер барысында тәртіп сақшылары техникалық байқаудан өтпеудің 42 дерегін анықтады. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өткені үшін жаяу жүргіншілерге 92 хаттама толтырылды.

Жол ережесін бұзған 25 көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру