“Ақшаңды көбейтіп беремін”: Шымкентте алаяқ тұрғыннан миллиондап ақша алған
Шымкентте алаяқ тұрғыннан миллиондап ақша алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғынынан арыз келіп түскен. Жәбірленушінің айтуынша, әлеуметтік желі арқылы белгісіз адам “ақшаңды көбейтіп беремін” деп алдаған. Нақтырағы, бейтаныс азамат салған ақшаң еселеп қайтарылатын болады деп сендіріп, 2,9 млн. теңге ақшасын алып, 3,5 млн. теңге ақша көбейтіп беремін деп алаяқтық жолмен алған. Алайда арадан біршама уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған. Содан алаяққа алданғанын түсінген тұрғын полицейлердің көмегіне жүгінді.
Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған. Тұрғынды алдап, ақшасын иемденген алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жәбірленушінің ақша салып жіберген банк қосымшасы арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқ азаматтың жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.