Павлодар полицейлері елордалықтың Toyota Land Cruiser көлігінен есірткі тәріздес зат тапты
Павлодар полицейлері елордалықтың Toyota Land Cruiser көлігінен есірткі тәріздес зат тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан тұрғыны тыйым салынған заттарды телефон қаптамасында және көліктің жүк салғышында тасымалдаған.
– Павлодар облысы Ротасының инспекторлары 1253 шақырымдағы тас жолды патрульдеу кезінде Екібастұз қаласына жақын жердегі Қызылорда-Павлодар тас жолында Нұр-Сұлтан қаласының 29 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Land Cruiser көлігін ұстады, оның ұялы телефонының қаптамасынан ұнтақ тәрізді заты бар полиэтилен түйіншегі тінту арқылы алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, олардың жүк салғышынан сұр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакеті тәркіленді. Сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткіні заңсыз сақтау) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қатысу міндеттемесі.
Жалпы, жыл басынан бері павлодарлық полицейлер есірткіге қатысты 101 қылмысты ашты. Заңсыз айналымнан 346 келі есірткі заттары тәркіленді.