Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері пәтерлерді тексеруде

ШҚО-да салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 501 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ШҚО аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Жалға берілетін пәтерлер, саяжай массивтері, құрылыс объектілері, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған, шатырлы және жертөле үй-жайлары, базарлар және басқа да сауда орындары, қолайсыз отбасылар, жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланған орындар, азаматтық қару иелері мен шетелдіктер тексерілуде.

Осылайша, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері қызметкерлер көп қабатты үйлердің 267 мыңнан астам пәтерлерін, 206 мыңға жуық жеке үйлерді және 51 594 саяжай үйлерін аралап шықты. 4 400-ден астам жалдамалы пәтерлер, 5 691 шаруа қожалықтары, қыстақтар мен учаскелер тексерілді, базарлар мен өзге де сауда орындарында 1 784 рейд жүргізілді. Белгілі тұрғылықты жері жоқ 521 адам ұсталды.

Салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 501 фактісі анықталды. Барлық осындай фактілер бойынша тиісті ақпарат иелеріне шара қолдану үшін Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

Сонымен қатар, әкімшілік учаскені аралау барысында Семей қаласында бір тәулік ішінде кәсіпкерлік қызметке қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз ұзақ мерзімге жалға берген бес пәтер анықталды. Материалдар ШҚО Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

ІІО-да есепте тұрған 37 мыңнан астам адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны – 32 312 адам. Заңсыз айналымнан тіркелмеген атыс қаруының 31 бірлігі алынды.

Жедел алдын алу шарасы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру