Қостанайлық полицейлер Call-орталық нөміріне 500-ден астам қоңырау қабылдады
Қостанайлық полицейлер Call-орталық нөміріне 500-ден астам қоңырау қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Жедел желі» телефонын Қостанай облысының Полиция департаменті 10 қараша күні кешке іске қосқан болатын. Call-орталық нөмірі әлеуметтік желілердің барлық пабликтері бойынша лезде тарап, бірден азаматтардан қоңыраулар түсе бастады. Облыс тұрғындарын мазалаған сұрақтарға бірінші болып облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Виталий Цой жауап беріп, кеңес берді.
– Негізінен азаматтарды олардың автокөліктері пайдалануға тыйым салынған тізімде тұр ма деген сұрақ қызықтырды. Бұл мәселе бойынша 150-ден астам қоңырау келіп түсті. Сондай-ақ, облыс тұрғындары көлік құралын ҚР-да тіркеу тәртібін түсіндіруді сұрады (74 қоңырау), – деп атап өтті полицей.
Полицейлер ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңының 63-бабына сәйкес Қазақстан аумағында тіркелмеген көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынғанын еске салады. Сонымен қатар, азаматтарды автокөліктерді айыппұл тұрағынан шығару және Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу тәртібі де мазалайды.
Барлық хабарласушыларға Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралын пайдалануға қатысты түсініктеме берілді.
Қостанай облысының кез келген тұрғыны сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін 8(7142) 55-81-28 call-орталық нөміріне қоңырау шала алады.