Ақмолада түрме қызметкерлері батыр полицейді еске алу іс-шарасын өткізді
Ақмолада түрме қызметкерлері батыр полицейді еске алу іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД террористті ұстау кезінде өмірін қиған құқық қорғау органдарының қызметкері Ғазиз Байтасовты еске алу іс-шарасын өткізді.
Гүл қою рәсімі Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерінің қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқандарға арналған ескерткіштің жанында өтті.
ҚАЖД қызметкерлері бір минут үнсіздікпен Ғазиз Байтасовты еске алды. 10 жыл бұрын Жамбыл облысы ПД полиция капитанының өмірі үзілді, 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында болған террорлық акт барысында ол небәрі 40 жаста еді. ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін оған Халық Қаһарманы атағы берілді.
– Азаматтарды құтқару, бейбітшілік пен тыныштық үшін өз өмірлерін құрбан еткен құқық қорғау органдарының көптеген қызметкерлерінің есімдері ІІМ тарихына мәңгі жазылды. Бүгін біз тұтқындардың қолынан қаза тапқан Ақмола ҚАЖ қызметкерлерін еске аламыз – Сергей Ковальчук, Серік Жемтықбаев, Николай Голованчук, Ольга Василевская. Олар біздің жүрегімізде және ұрпақтарымыздың есінде мәңгі қалады, – деді ҚАЖД бастығының орынбасары Мирхан Ахметжанов.
Бүгін Ақмола облысы бойынша ҚАЖД бөлімшелерінің барлық жеке құрамы қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқандарды еске алды.