Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері шетелдік нөмірі бар көліктерді тіркеуге байланысты сұрақтары бар азаматтарды қабылдауда

Түркістан полицейлеріне шетелдік нөмірі бар автокөліктерді тіркеу бойынша екі күн ішінде 200-ге жуық адам жүгінсе, оның 143-і call-орталыққа түскен қоңырау, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қарашадан бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен республикамыздың барлық аймағындағы Полиция департаменттерінде call-орталықтар жұмыс істеуде. Яғни әр аймақтың тұрғыны шетелдік көлігіне қатысты кез-келген сұрағы бойынша осы аталмыш орталықтардың нөмірлеріне хабарласып, толық мәлімет алуына болады. Мәселен Түркістан полицейлері Ресей Федерациясынан және басқа да жақын шетелдерден әкелінген көліктер туралы сұрақтары бар азаматтарды кезексіз қабылдап, мәселелеріне мән беруде. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған орталық нөміріне хабарласқан 143 адамның сауалына дер кезінде жауап беріп, заң аясындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда өзекті болып отырған аталмыш мәселе бойынша Түркістан облысы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков жұмыс күндері шетел көліктері бойынша полицияға жүгінген азаматтарды қабылдап жатыр.

Түркістан қаласы Полиция департаменті жанынан ашылған “Азаматтарды қабылдау” бөлмесінде тұрғындардың қойған сауалдарына жауап беру мен тұрғындар үшін тікелей эфирлер ұйымдастырылды. Әлеуметтік желіде департамент парақшасында ұйымдастырылған тікелей эфир барысында 200-ге жуық сауал түсіп,  ӘПБ бастығы  А.Тастанбеков жауап берді.

– Түркістан облысы бойынша азаматтар +7 725 33 5 85 16 нөміріне хабарласып, шетел көліктері бойынша мәлімет ала алады. Қоңырауға жауап беру үшін қызметкерлерді бекітіп қойғанбыз. Олар таңғы 9:00-ден кешкі 23:00-ге дейін қызметте, – деді ӘПБ бастығы.

Айта кететін жайт, Түркістан облысында есептен шығарылған 12 мыңнан астам Ресей көлігі бар. Ал жыл басынан бері облыста Ресей көліктерімен 50 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталып, 150 жол-көлік оқиғалары орын алған. Оның ішінде 52 адам ЖКО кезінде қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру