«Браконьер» ЖААШ: ШҚО-да аюды заңсыз аулаудың тағы бір фактісі анықталды
Шығыс Қазақстан облысында аюды заңсыз аулаудың тағы бір фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 6 қарашасында рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Тарханка ауылының маңында өзінің тіркелген мылтығымен аю атып өлтірген Өскемен қаласының 51 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті оның етін жеке пайдалану үшін алғанын айтып, сондай-ақ болашақта сату мүмкіндігі жоспарымен аюдың табанын да тастамай өзіне алған.
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Осы баптың санкциясымен үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп мәлімдеді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 360-тан астам рейдтік іс-шара өткізілді, онда 605 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 394-і аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін анықталды. Сонымен қатар, 10 браконьер анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.