Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол”: Шымкентте жеті күнде 48 мас жүргізуші анықталды

Шымкентте жеті күнде 48 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында күмән тудырған жүргізушіні байқап, тоқтауын сұраған. Алайда полицейлердің тоқтатуына Audi маркалы көліктің жүргізушісі бағынбаған. Көлікті қуып жетіп, құжаттарын сұрағанда оның спирттік ішімдік ішіп алғандығы байқалған. Осыған байланысты медициналық сараптамаға нәтижесінде жүргізуші мас халде екені анықталды.

Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қала аумағында осындай жайттарды алдын алу және болдырмау үшін 8-17 қараша аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мас күйде көлік жүргізгені үшін 48 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру