Петропавл полицейлері демалыс күндері тыныштықты бұзудың 17 фактісін тіркеді
Петропавл полицейлері демалыс күндері тыныштықты бұзудың 17 фактісін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда өткен демалыс күндері түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілері бойынша адамдардан 17 шақырту келіп түсті.
Сенбіге қараған түні 36 жастағы қалалық таныс құрбыларын, сонымен бірге Парковая көшесі бойындағы үйдің тұрғындарын автокөлік салонынан көңілді музыкамен «қуантқысы» келген. Ал қалған жағдайларда адамдардың демалысына көршілері кедергі келтірген, жалдамалы пәтер тұрғындарының түнгі тыныштықты бұзғандары үшін алты шақырту түсті.
– Осындай шақыртулар әдетте демалыс күндері үдей түседі. Петропавлда патрульдік полиция батальоны мен учаскелік полиция инспекторларының бірлесе кезекшілікке түсу тәжірибесі бұрыннан қалыптасқан. Бұл – тыныштықты бұзушылық бойынша хаттамаларды орындарда толтыруға мүмкіндік береді. Жексенбіге қараған түні инспекторлардың бірі кезекші ауысымында алты хаттама толтырған. Көбінесе тыныштықты бұзушылар спирттік ішімдік ішкендер, – дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Рустам Садулов.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес, жұмыс күндері түнгі сағат 22.00-ден таңертеңгі 09.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден келесі күнгі 10.00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салынады. Тыныштықты бұзу орын алған жағдайда жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салынады. Тәртіп сақшылары түнде айналасындағылардың тыныштығына құрметпен қарауды сұрайды.