Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада еліктің ұшасын мүшелеген браконьер ұсталды

Ақмолада еліктің ұшасын мүшелеген браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қарашада Бурабай АПБ кезекші бөліміне браконьерлік фактісі анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Белгісіз адам заңсыз аң аулап, орманда еліктің ұшасын мүшелегені анықталды. Қылмыс орнында қаскүнем жануардың металл ілмектерін, басын және терісін қалдырып кеткен.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша СДТБТ-де тіркелді.

«Браконьер» жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Бурабай ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қаскүнемді анықтады. Ол аудан ауылдарының бірінің 46 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру