5 ақмолалықтың есепшотынан ақша аударып алған алаяқ анықталды
Ақмолада бес тұрғынның есепшотынан ақша аударып алған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Hi-tech» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақмола облысы ПД КПБ қызметкерлері аумақтық криминалдық полиция бөлімшелерімен бірлесіп ҚР екінші деңгейлі банктерінің бірінің клиенттерінің шоттарымен алаяқтық жасауға қатысы бар күдікті анықталды.
7 қазанда Ақмола облысы ПД КПБ-ға банк өкілі жүгінді, ол белгісіз тұлғалар қаржы мекемесінің жеке тұлғаларының біріктірілген базасының жүйесіне кіргенін хабарлады.
Қаскүнемдер банк клиенттерінің логинін пайдаланып, бес жәбірленушінің шоттарынан ақшаны жалған шотқа аударған. Залал сомасы анықталуда.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің бірін анықтады.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жалғасуда.