Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мал ұрысы»: Ақтөбе облысында құжаттарсыз мал тасымалдаған 12 тұрғын ұсталды

Ақтөбе облысында құжаттарсыз мал тасымалдаған 12 тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 15-25 қараша аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Мал ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Шараның бірінші күнінде тиісті құжаттарсыз мал тасымалдаудың 12 және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың бес дерегі анықталды. Сондай-ақ, бұрын жасалған екі қылмыс ашылды.

Мал және ет өнімдерін тасымалдаған 58 автокөлік, сондай-ақ 75 шаруа қожалығы, мал жайылым нүктелері, фермалар және т.б. тексерілді.

Сонымен қатар, иесіз жайылып жүрген 19 бас мал арнайы мамандандырылған мал қораларына қамалды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мал иелері мен шаруа қожалығының басшыларын мал жаю, есепке алу, таңбалау ережелерін сақтауға шақырады. Малды қараусыз қалдырмау қажеь, өйткені әрбір ауыл тұрғыны үшін жануарлардың жоғалуы нағыз қасірет болып табылады, өйткені көпшілік үшін олар тіршілік көзі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру