Алматы полициясы ҮЕҰ өкілдерімен қызметтік модельдің басымдықтарын талқылады
Алматы полициясы ҮЕҰ өкілдерімен қызметтік модельдің басымдықтарын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанның Х Азаматтық форумының алдағы отырысы қарсаңында Ішкі істер министрі жанындағы аппарат отырысы хаттамасының 6.3 тармағын орындау мақсатында Алматы қалалық Полиция департаментінде «Жан-Сая», «Родник әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы», «Ана үйі», «Құқық қорғау органдарын қолдау және көмек көрсету қоғамы», «Jas Otan» Жастар қанаты және т.б.үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.
– Біріншіден, біз бүгін Алатау ауданында іске қосылған қызметтік модельді енгізу бойынша пилоттық жобаның аралық нәтижелерін сараптадық. “Полиция жақын маңда” қағидатын одан әрі дамытуды талқыладық. Қонақтарды осы тұжырымдаманың қазір қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы хабардар еттік, учаскелік полиция инспекторларының халықпен қандай байланысы тиімді, қайсысы қажетті нәтиже бермей жатқанын, тізімді кеңейту мүмкіндігімен жан-жақты талқыладық. Қызмет көрсетудің сервистік-бағдарланған моделіне көшудің бүгінгі шындығы, бізге құқықтық тәртіп саласындағы мәселелерді бірлесіп анықтау және шешу үшін мемлекеттік институттар мен азаматтардың тұрақты серіктестігін қамтамасыз ету қажеттігін көрсетеді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.