Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саран қаласында дүкеннің терезесін сындырған мас ер адам ұсталды

Саран қаласында дүкеннің терезесін сындырған бұзақы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қараша күні сағат 00.30 шамасында Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне сауда нүктелерінің бірінің терезесіне белгісіз біреу тас лақтырғаны туралы хабарлама түсті. Арада бірнеше минут өткен соң оқиға орнына Саран қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының жасағы келді.

Жедел-іздестіру кезінде тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен күдіктіні – 28 жастағы жігітті ұстады. Медициналық сараптама ұсталған азаматтың алкогольдік масаң күйде болғанын анықтады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру