Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде дөңгелек үстел өтті

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде ПД бастығының бірінші орынбасары Амангелді Халмурадовтың төрағалығымен полицияның сервистік моделі аясында өзара іс-қимыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.

– Департамент қылмыстық құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша 30 үкіметтік емес ұйыммен тығыз байланыста екенін атап өткім келеді. Біз ҮЕҰ құқық қорғау қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың пәрменді құралы екеніне көз жеткіздік. Облыс әкімдігінің қолдауымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ жұмыс істейді. Бұл процеске көптеген қоғамдық ұйымдар қосылды, – деп атап өтті Амангелді Халмұрадов.

Іс-шараға қатысушылар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері полиция ведомствосының ұсынысын қолдады. Олар қазіргі проблемалар мен мәселелер мемлекеттік құрылымдар мен қоғамды біріктірген кезде ғана шешілетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру