Сәтбаев қаласында жасөспірімдер бөтеннің көлігін ұрлап кетті
Сәтбаев қаласында жасөспірімдер бөтеннің көлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қарашада Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне Ерден көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласынан автокөлік ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. 32 жастағы жәбірленуші түсіндіргендей, жұмыстан келген соң әдеттегідей көлікті подъездің жанына қойған. Ал кешкі сағат 21.40 шамасында көлік жоғалып кеткен.
Жедел-іздестіруге кіріскен полицейлер көшелердің бірінде ұрланған көлікті байқап қалып, тоқтатты. Көлікті 14 жасар жасөспірім басқарған. Сондай-ақ салонда 13 және 15 жастағы екі жасөспірім болған. Ұсталғандар көлікті жүргізіп көргісі келгендерін айтқан.
ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.