Шымкентте тұрғын ұлын «педофил» есебінен алу үшін полицейге пара бермек болды
Шымкентте тұрғын ұлын «педофил» есебінен алу үшін полицейге пара бермек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының тұрғыны Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкеріне 2008 жылы ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тіркелген «педофил» есебінен 27 жастағы ұлын алу үшін пара ұсынған.
Полиция қызметкері орын алған жайт туралы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне хабарлап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігімен (Пара беру) қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.