Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол апатын жасаған жүргізуші сотталды

Павлодар облысында жол апатын жасаған жүргізуші сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 қаңтарында сағат 12.20 шамасында Honda CRV маркалы автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Павлодар-Қызылорда автожолының 117/1266 км шақырымында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қар үйіндісіне еніп, металл бөлгішіне соғылып, қозғалыс траекториясын өзгертіп, рульді басқара алмай, жолдың жүру бөлігінің шетінде тұрған Foton маркалы қар жинағыш автомобильмен соқтығысқан.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Honda CRV автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды, – деді Павлодар облысы Екібастұз қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Валентин Бірімжанов.

Тәртіп сақшысы аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін атап өтті. Тергеу материалдары сотқа жіберілді.Сот сотталушыны абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 2 жыл бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Айта кету керек, ағымдағы жылы Павлодар облысының аумағында 529 ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде 47 адам қаза тапты, тағы 789 адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру