Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жоғарғы сынып оқушыларын ІІМ ЖОО-ға оқуға шақырады

СҚО полицейлері жоғарғы сынып оқушыларын ІІМ ЖОО-ға оқуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері 11-сынып оқушыларын Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсу болашағын қарастыруға шақырады. Мектептерде екінші тоқсан басталды, алайда полицияда қызмет етуді армандайтын түлектер осы күннен ведомстволық ЖОО дайындықты бастауы керек.

Жақсы жабдықталған жатақханада тұру, шәкіртақы, тамақ, киім-кешекпен қамтамасыз ету, демалыс кезінде тұрғылықты жерге бару және қайта келуге жол жүру құнын төлеу – мұның бәрі курсанттарға мемлекет тарапынан көрсетіледі. Курсанттар оқуды аяқтағаннан кейін «полиция лейтенанты» атағын алады және 100% жұмысқа орналастырылады. Ведомстволық ЖОО-да оқыған төрт жыл жеделдетілген әскери қызметтен өткен болып есептеледі.

ІІМ Қарағанды Академиясына 16-25 жас аралығындағы ҚР азаматтары оқуға түсе алады. Міндетті шарт: соттылығы болмау, денсаулығы жақсы, қыздардың бойы – 160 см, жігіттердің бойы 170 см-ден жоғары болуы. Аталған жоғарғы оқу орнында «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ІІО сотқа дейінгі тергеулерді жүргізу (тергеушлер, анықтаушылар), ІІО жедел-криминалистикалық қызмет (криминалистер) саласы бойынша күндізгі оқу бөлімінде кадрлық офицерлерді даярлайды. Бұл полицияның таңдаулы бөліністері. Бөлініс қызметкерлері жедел-тергеу топтарының құрамында тәуліктік кезекшіліктерге түседі, қылмыстың аса ауыр түрлерін тергеуге және ашуға қатысады.

Құжаттар наурыз айынан бастап қабылданады, бірақ болашақ абитуриенттердің дайындыққа қазірден бастап кірісулері қажет: бірыңғай ұлттық тестілеуге пәндер бойынша дайындалу, дене шынықтыру дайындығын шыңдау (жүгіру, тартылу), өзін психологиялық тұрғыдан әзірлеу. Қазақстан Республикасының ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясына оқуға түсуге ниет білдірушілер Петропавл қ. Алматы көшесі, 55 мекенжайында орналасқан СҚО ПД Кадр саясаты басқармасына (телефон: 8 (7152) 61-26-68) жүгіне алады. Сонымен қатар, тұрғылықты жерлері бойынша аумақтық полиция бөліністерінен кеңес алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру