Таразда 18 жастағы жігіт қайырымдылық қорабын ұрлап кетті
Таразда 18 жастағы жігіт қайырымдылық қорабын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының аумағында жұмыс жасайтын қайырымдылық қорларының бірінің 71 жастағы директоры 1-полиция бөліміне хабарласып, Орталық базардағы автовокзал ғимаратының күту залында орналасқан қайырымдылық қорабын белгісіз тұлғаның ұрлап кеткенін айтып шағымданған.
18 қарашада жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Тараз қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.