Жамбыл облысының ПД-де гарнизондық жиын өтті
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов жеке құрамның кезекті гарнизондық жиынын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жанат Сүлейменов жеке құрамның назарын қызметтік міндеттерін адал атқаруға, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шараларды күшейтуге, заңдылықты бұзуға жол бермеуге, азаматтарға сыпайы болуға аударды.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың полицияның сервистік моделін одан әрі енгізу және оның қолжетімділігі жөніндегі тапсырмаларына ерекше назар аударылды.
ПД бастығы полиция қызметкерлеріне маңызды міндет – құқық бұзушылықтың жолын кесу ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу үшін кез келген уақытта көмек көрсетуге және халықпен сенімді қарым-қатынас орнатуға дайын болу туралы еске салды.
Сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бас полицей ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады.
Мысалы, облыс орталығының 22 жастағы тұрғынын құтқару кезінде батылдық танытқаны үшін Тараз қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі Айдын Әбдірахманов және сол бөлімшенің инспекторы Рауан Мирабилдаев грамоталармен марапатталды.
«Сен – жеңімпазсың» облыстық марафонына белсенді атсалысқаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының медальдарымен және алғыс хаттарымен ПД-нің үш қызметкері марапатталды.