Қарағандыда ер адам мекемеден кондиционердің мыс құбырларын ұрлап кетті
Қарағандылық ер адам ойын-сауық мекемесінен кондиционердің мыс құбырларын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне ойын-сауық мекемелерінің бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Белгілі болғандай, белгісіз біреу түнде кондиционердің мыс құбырларын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.
14 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта амалдары жүргізілуде.