Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған бір үйір жылқыны түркістандық полицейлер тәулік ішінде тапты

Түркістан полицейлері жоғалған бір үйір жылқыны иесіне қайтарып, алғысқа бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын “102” нөміріне хабарласып, өзінің жайылымда жүрген 21 бас жылқысын екі күннен бері іздеп табай алмай жүргенін айтып, полицейлерден көмек сұраған. Осы хабарлама бойынша полицейлер жедел іздестіру шараларына кірісті. Олар жақын маңдағы жайылымдық жерлерді мұқият қарап шықты. Полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен жылқылардың болуы мүмкін деген жерлерін, сондай-ақ, құмшауыт жерлер мен егістік алқаптарды түгелдей қарап шықты. Іздестірудің нәтижесінде полицейлер 21 бас жылқыны 30 шақырым жердегі көрші Қоссейіт ауылының жайылымдық жерінде жайылып жүргендерін анықтады. Шардара ауданының полицейлері жоғалған жылқыларды тауып, заңды иесіне жеткізді.

Жылқылар жоғалған сәттен бастап жедел әрекет етіп, ұры-қарының қолына түспеуіне септігі тиген полицейлерге жәбірленушінің айтар алғысы шексіз.

– Бір үйір жылқымды екі күннен бері іздедім, бірақ таба алмадым. Содан соң полицейлерден көмек сұрадым. Олар бірден іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тәулік ішінде жылқыларымды тауып берді. Ұрылардың қолына түспей жедел түрде тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Олардың шын мәнінде жедел қызмет ететініне көзім жетті. Алла разы болсын сіздерге, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деп тқрғын сақшыларға ризашылығын жеткізді.


Түркістан облысының полицейлері мал жайылымында малдарды қараусыз қалдырмай, ұқыпты болу керектігін ескертеді. Сондай-ақ мал тұрағының шаруашылық жайы мұқият бекітіліп, төрт-түлікке қажетінше ен салынып, таңбалануы тиіс. Малыңыз жоғалса немесе ұрланса, уақыт жоғалтпай полиция бөліміне тез арада хабарласқаныңыз дұрыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру