Ақтөбе облысында тайғақ жол учаскесінде автокөлік аударылып, екі жолаушы зардап шекті
Тайғақ жол учаскесінде автокөлік аударылып, екі жолаушы зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қарашада «Mitsubishi Delica» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Жаңажол ауылы жағынан Қожасай кенті бағытында жол-метеорологиялық жағдайларды ескермей, рульді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткен.
ЖКО салдарынан екі әйел адам Кеңқияқ қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді аса сақ болуға шақырады.
Егер сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаса, автокөлік жүргізушілері жылдамдық режимін шамадан тыс асырмау керек, маневр жасамауы қажет.
Қиылыстарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және қоғамдық көлік аялдамаларында ерекше қырағылық таныту қажет.
Жаяу жүргіншілерді де мұқият болуға және қараңғыда жарық шағылыстырғыш элементтерді қолдануға шақырамыз.