Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адам кәсіпорыннан 10 тонна көмір ұрлап кетті

Қарағандыда ер адам кәсіпорыннан 10 тонна көмір ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері мүліктік қылмыстардың алдын алу бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Сағат таңғы 05.00 шамасында кәсіпорындардың бірінен шыққан жүк көлігін байқаған тәртіп сақшылары тексеруге тоқтатты.

Полицейлер 22 жастағы жігіт тізгіндеген көлікте 10 тонна көмір тапты. Көлік жүргізушіде көмір тасымалдауға рұқсат құжаттары болмаған. Ол кәсіпорындардың аумағынан ұрлағанын мойындады. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру