Түркістан облысында айыппұлдары төленбеген 35 көлік айыптұраққа қойылды
Түркістандық полицейлер 35 жүргізушінің көлігін айыппұлы төленбегені үшін айыптұраққа қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында ағымдағы жылдың 18-28 қараша күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталмыш іс-шарасы барысында Түркістан ҚПБ-ның Әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен сот орындаушыларынан құрылған арнайы мобильдік топтар рейдке шықты.
Осы мобильдік топтармен іс-шараның төрт тәулігінде құжаттары заңда көрсетілген талаптарға сай келмейтін 35 жүргізуші анықталып, олардың көлік құралдары айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторларымен айыппұлды төлемей жүрген адамдардың тұрғын-үйлеріне барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 125 ескерту парақшасы таратылды. Түрлі құқық бұзушылық жасаған 782 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.
Осылайша облыс орталығының тәртіп сақшылары, әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны орындаудың тиімділігін арттыру мақсатында маңызы зор шараға өз үлестерін қосуда. Яғни Түркістан қаласы көлемінде әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру және жеке сот орындаушылармен бірлесіп мәжбүрлі түрде өндіру шараларын өз деңгейінде атқаруда.