Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысындағы ҚАЖ мекемелеріне мобильді аппараттар орнатылды

Қызылорда облысындағы ҚАЖ мекемелеріне мобильді аппараттар орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының барлық мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың туыстарымен қарым-қатынасын үнемі байланыста ұстау үшін ыңғайлы жағдай жасалынуда.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандардың таксофондар арқылы сөйлесуге арналған PIN-кодтарды жедел жеткізу жүйесі «Zona-telecom» орнатылды. Бұл жоба Халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің қолдауымен және ҚРІІМ ҚАЖ комитетінің келісімімен жүзеге асырылған.

– Жүйенің тиімділігі – сотталғандардың туған-туыстары телефон шалу үшін онлайн төлем жасайды. Түбіртекте сотталғанның аты-жөні көрсетіледі. Мекеменің цензор маманы түбіртекті сотталғанға беріп, сотталған сол түбіртек арқылы PIN-кодты теріп, одан әрі туыстарының телефондарын теріп, қоңырау шала алады дейді, – мекеме бастығы Тасболат Қалымбетов.

Атап өтейік, сотталғандардың түзелуіне ықпал тигізетін ең басты себептерінің бірі – олардың туған туыстарымен отбасымен байланысын үзбеу. Сондай-ақ, олардың қоғамға тез сіңісіп кетуіне де әсер етеді.

Жуырда тергеу изоляторы мен түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың арыз-шағымдарын, өтініштерін саусақ таңбасының көмегімен өкілетті органға жөнелтілетін электронды терминалдар да орнатылған. Электронды терминал арқылы сотталғандар немесе айыпталушылар арыз-шағымдарын тікелей сотқа, прокуратураға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жолдай алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру