Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарызын төлеуден жалтарып жүрген шығысқазақстандық әйел ұсталды

Қарызын төлеуден жалтарып жүрген шығысқазақстандық әйел әлеуметтік желінің көмегімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметінің жұмыс бағыттарының бірі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді іздеу.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері қарызды төлемегені және сот орындаушылардан жасырынып жүрген 180-нен астам адамды анықтады.

Қараша айының басында Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желілердегі белсенділігі арқасында қарызын төлеуден жалтарып, жасырынып жүрген 40 жастағы борышкерді тапты.

– Әйел таныстарынан 700 мың теңге ақша қаражатын алып, уақытты созбай қайтаруға уәде бергені белгілі болды, алайда одан әрі байланысқа шығудан қалған. Кейін белгілі болғандай, ол бір жылдан астам Алматы облысында жасырынып жүрген. Ақшалай қаражатты өндіріп алуға арналған материал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.


Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру