Қарағанды облысында бөтеннің көлігін ұрлап кеткен күдікті ЖКО жасады
Қарағанды облысында бөтеннің көлігін ұрлап кеткен күдікті ЖКО жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінде көлік ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. 33 жастағы жәбірленуші өзінің танысына келіп, көлікті біраз уақыт қараусыз қалдырғанын түсіндірді. Ал белгісіз біреу көлікті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.
Көп ұзамай полицейлер ұрланған көлікті тапты – көлікті ұрлаушы тас жолмен келе жатып, шұңқырға түсіп, көлікті аударып алған. Күдікті ұсталды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.