Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны ара ұяларын тасымалдауға арналған арбаға 20 келі марихуананы жасырған

Түркістан облысының тұрғыны ара ұяларын тасымалдауға арналған арбаға 20 келі марихуананы жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау мен тасымалдаған күдікті ер адамды ұстады. Бұл туралы бүгін брифингте облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов мәлімдеді.

– Бізге Сайрам ауданында белгісіз біреу есірткіні сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайтты ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркедік. Сондай-ақ күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-тергеу тобын құрдық. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЕҚҚІҚБ қызметкерлері күдіктіні, яғни Сайрам ауданының тұрғынын қолға түсірді. Ұсталған ер азаматтың үйі мен ауласын тінту кезінде есірткі заты бар бір қап пен полиэтилен пакетін таптық. Белгілі болғандай, ер адам есірткіні ара ұяларын тасымалдауға арналған арбада сақтаған. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 20 келіге жуық марихуана болып шықты. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бүгінде облысқа есірткі заттарын жеткізу арналары анықталуда, – деп қорытындылады Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан бес тоннадан астам есірткі заттарын тәркілеп, 55 есірткі сатушыны ұстады. Сондай-ақ ірі көлемде есірткіні сақтаудың 25 жайтын анықтады.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді. Егер сізде есірткі қылмыстары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру