Қарағандыда полицейлер бейнекамералар арқылы қарақшыны анықтады
Қарағандыда полицейлер бейнекамералар арқылы қарақшыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қарашада Қарағанды қаласының ПБ-на Академик көшесінде бір адамды тонап кеткені туралы хабарлама түсті. Белгісіз біреу зейнеткер – 81 жастағы кейуананың басынан ұрып, сөмкесін алып кеткен. Сөмкеде 12 мың теңге мен құжаттар болған.
Оқиға орнына жақын жерде орнатылған бейнебақылау камераларын қарап шыққан полицейлер күдіктінің жүрген бағытын анықтады. Тәртіп сақшылары 19 жастағы жас жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты зат тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.