Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 29 жастағы аудан тұрғыны жалған вакцинация паспортын пайдаланды

Бородулиха ауданының тұрғыны жалған вакцинация паспортын пайдаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Бородулиха АПБ Криминалдық полиция қызметкерлері короновирустық инфекциядан вакцинация алғаны туралы жалған электрондық паспортты пайдалану фактісін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөліміне 29 жастағы аудан тұрғыны жеткізілді.

– Көрсетілген құқыққа қарсы әрекеттер ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес-көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сараланады, – ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Осы баптың санкциясы қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру